Бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері бір жасөспірімді түнгі көшеден үш рет тапқан. Тараз қаласының 14 жастағы тұрғыны құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынды. «Түнгі қаладағы балалар» рейді барысында полицейлер қыз баланы бірнеше рет үйіне қайтарғанымен, жағдай өзгермеген.
Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шешімімен ол Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, кейін арнайы мектепке жіберілетін болды. Жалпы, Жамбыл облысында өткен рейд кезінде 340 жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілді. 266 бала түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін анықталса, 47 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.