Сондай-ақ дәл осындай жаңа ғимарат Меркіде де пайда болды. Ауданға қарасты Ақарал ауылында көпшілік көптен күткен жаңа әкімшілік ғимараттың ашылу салтанаты өтті. Ауыл айбынын арттырған маңызды нысанның пайдалануға берілуі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетуге бағытталған игі қадам ретінде бағаланып отыр.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек қатысып, ауыл жұртшылығын жаңашылдықпен құттықтады. Ал ауыл тұрғындары да халық пен билік арасындағы байланысты бекемдеуде заманауи инфрақұрылымның рөлі ерекше екенін атап өтті.