Қазақстан Еуропа одағы елдеріне мұнай жеткізу көлемі жағынан алғашқы үштікке кіреді. Ал замануи технологияға аса қажет 34 металлдың 21-і елімізде бар. Демек қойнауы қазынаға толы Қазақстан қарт құрлықпен қарым-қатынасын ұзақ мерзімде нығайтуға мүдделі. Былтыр одақ елдерімен өзара тауар айналымы 45,1 млрд доллардан асты. Ендігі меже –логистикалық тізбекті әртараптандырып, тауар көлемін арттыру. 


450 млн халқы бар Еуропалық одақтың қақпасы һәм саяси астанасы - Брюссель. Мұнда одаққа мүше 27 мемлекеттің саяси, экономикалық, қауіпсіздік мәселелері талқыланатын Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес секілді негізгі институттар мен НАТОның штаб пәтері орналасқан. Соның бірі міне менің артымда тұрған - Еуропалық кеңестің кеңсесі. Қарт құрлықтың Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуда маңызы зор. Себебі, елімізде осы одақ елдерінің замануи өнеркәсіп секторына аса қажет 34 металдың 21-і бар. Мұнай жеткізуші елдердің үштігіндеміз. Одан бөлек Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында инвестиция, инфрақұрылымды дамыту, мәдениет, спорт және туризм бойынша 30-ға жуық салада ымыра бар.