Бүгінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мәселен Тараздағы №25 түзеу мекемесінде заманауи жиһаз өндіретін цех іске қосылды. Бұл жоба тек өндіріс орнын ашумен шектелмейді. Бұл жоба өндіріс көлемін арттырумен ғана шектелмей, азаматтарға мамандық меңгеріп, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік береді. 


Еңбекке баулу мен кәсіби білім беру – сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеудің маңызды тетігі. Заманауи құрал-жабдықтарда ванна бөлмесіне арналған жиһаз жасауды меңгерген азаматтар бостандыққа шыққанда сұранысқа ие маман ретінде еңбек нарығына араласа алады. Бұл олардың қалыпты өмірге қайта оралуына мүмкіндік берсе, мемлекет үшін отандық өндірістің дамуына, жұмыспен қамтудың артуына ықпал етеді.