Жамбылда жылына 30 миллион жұмыртқа өндіретін құс шаруашылығы кешенінің құрылысы басталды. Инвестиция көлемі 1 млрд теңгені құрайтын жоба өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға серпін беріп, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады. Кешеннің құрылысына капсула салу рәсіміне аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты.


Аймақта тағы бір ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Меркі ауданында «ЭкоФерма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа нысанның құрылысына облыс әкімі сәттілік тіледі.