Қазақстан мен Черногория іскерлік байланысты арттырмақ. Екі елдің сауда палаталары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бүгін Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген президент Яков Милатовичпен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл елді Балқан түбегіндегі сенімді серіктестердің бірі ретінде атады. Мәдениет пен білім саласында да байланысты күшейту көзделген. Мәселен Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан Абай орталығы ашылып отыр.


Яков Милатович қазақ жеріне ресми сапармен келген алғашқы Черногория президенті. Балқан түбегіндегі ел 2006 жылы ресми Сербиядан бөлініп шығып, тәуелсіздігін жариялаған. Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 20 жыл.