Жамбыл ауданында волейболдан «Director Cup» облыстық ашық турнирі ұйымдастырылды. Бұл дода көрнекті педагог, білікті ұйымдастырушы, білім саласының ардагері Сейдахмет Махашевтың 100 жылдығына арналды.
Турнирдің мақсаты – саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнаған ұлағатты ұстаз Сейдахмет Махашевтың жарқын есімін ұлықтау, оның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Сонымен қатар, қоғамда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын дәріптеу де маңызды.