Жамбылдық студенттер полиция қызметінің қыр-сырымен танысты. Бүгін Тараз өңірлік университетінде өткен ашық есік күні өтіп, оған 1500-ден астам оқу бітіруші түлек қатысты. Іс-шара барысында жастарға құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, полиция қатарына қабылдау тәртібі мен қызметке орналасу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.


«Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған шараға 4 курс түлектері жиналды. Оларға полиция департаментінің мүмкіндіктері мен кәсіби даму жолдары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Тіпті арнайы техникаларды көрстіп, қару-жарақ, арнайы құралдар және жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.