«Мерейлі отбасы» – мейірім мен қамқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай өнегелі отбасылардың бірі – Байзақ ауданы, Кеңес ауылындағы Ақбердиевтер отбасы.
Ғалымжан Сәтінбекұлы мен жұбайы Гүлсім Кеңесханқызы да өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге арнап, зейнеткерлікке шыққанға дейін білім саласында еңбек етті. шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болған ол бүгінде ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, аналар алқасының төрайымы ретінде өнегелі істердің ұйытқысы болып келеді.