Жамбылдық тұрғын әйелінің өмірін сақтап қалуға көмектескен полицейге алғыс айтты. Оқиға кезінде полицей бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен «Nissan» көлігін тоқтатқан. Жүргізуші көліктегі әйелінің есінен танып қалғанын айтып, шұғыл түрде ауруханаға бара жатқанын жеткізген. Жағдайдың маңыздылығын ескерген инспектор қызметтік көлігімен жол бастап, отбасына медициналық мекемеге кедергісіз жетуге көмектескен. Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше минутқа кешіккен жағдайда салдары ауыр болуы мүмкін еді. Кейін әйелдің жағдайы тұрақтанған соң, оның жұбайы полицейді арнайы іздеп тауып, Жамбыл облысы Полиция департаментіне барып, ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, тәртіп сақшысының жедел әрекеті жұбайының өмірін сақтап қалуға сеп болыпты.