Жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыру және олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру – уақыт талабы. Осы мақсатта Таразда жас сайлаушылармен кездесу өтті. Басқосуда жастардың электоралдық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және сайлау процесіне белсенді қатысу мәселелері талқыланды.


М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде өткен кездесуді Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. Жиынға сайлау комиссияларының мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттер қатысты. Кездесуде жастардың қоғамдағы рөлі, саяси белсенділіктің маңызы және еліміздегі сайлау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер сөз болды. Сондай-ақ жаңа Конституция аясында қабылданған заңнамалық бастамалар мен сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.