Жамбылда құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде, қуаттылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын 3 көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды.
Сондай-ақ, 850 басқа арналған 2 сүт тауарлы фермасы және 2 мың тонна томат өндіретін 1 қайта өңдеу кәсіпорыны ашылды. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде биыл 4 айда салада - 65,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі - 102,3% құрады. Мал шаруашылығында 33,6 мың тонна ет өндіріліп, 1,9%-ға өсті. Сонымен қатар аймақта 57,6 мың тонна сүт өндіріліп 1,8%-ға артты. Ал мал басы 4,8 млн. басты құрап, 4,8%-ға көбейді. Жалпы салаға 95,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 18 есеге артты. Жылдық жоспардың 82,6%-ы орындалды.