Елімізде балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Оған Үкіметтен берілетін көмек қаржы көлемі де артқан. Бір қуантарлығы балық шаруашылығын дамытам деп күн – түн демей шапқылап жүрген шаруа көп.
Аңдас Батыр ауылы, Меркі ауданындағы ең ірі округтардың бірі. Мұнда қазір бір ғана елді мекенде 130 –ден аса ш/қ мен 60 қа жуық жеке кәсіпкер жұмыстарын жүргізіп отыр. Балықтың үш түрін өсіріп отырған бұл серіктестік, жылына 80 тоннаға жуық өнім алуда. Өнім әзірге өз еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етуде.