Бюджет қаржысы – халықтың қаражаты. Ал оның әр теңгесі тиімді жұмсалуы тиіс. Алайда Тараз қаласында жүргізілген талдау барысында бірқатар қаржылық кемшіліктер анықталды. Тексеру қорытындысына сәйкес, 4,4 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Сонымен қатар, 57,2 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар тіркелген.


Тексеру қорытындысына сәйкес, кемшіліктер құрылыс саласы, мемлекеттік кірістер, экономика және бюджеттік жоспарлау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өзге де салалық басқармаларда анықталған. Атап айтқанда, бірқатар жобаларда қаржының негізсіз жоспарлануы, келісімшарт талаптарының уақытылы орындалмауы, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатсыз әрі тиімсіз пайдаланылуына жол берілген.