Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы инвестициялық табыс инфляциядан төмен болған жағдайда, айырмашылықты мемлекет өтеп келді. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет тек шотқа нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Яғни, инфляция салдарынан қаражаттың құнсыздануы енді өтелмейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, бұл өзгеріс азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқарудың баламалы тетіктері қолжетімді болғандықтан енгізіліп отыр.