Меркі ауданында қысқы мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы дамыған өңірде төрт түлікті қажетті жем-шөппен қамтамасыз етуге басымдық берілген. Жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.


Аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі – «Ниет» шаруа қожалығы биыл 350 гектар алқапқа жоңышқа еккен. Күзде егіс көлемін тағы 250 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Қазір қожалықта 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал науқан кезінде жергілікті тұрғындар арасынан қосымша жұмыс күші тартылады.