Елімізде жер емініп, жемісін көріп жатқан жандар аз емес. Тіпті бау-бақша, жеміс-жидек егіп, аула маңындағы аядай жерден жақсы табыс тауып жатқандар да бар. Соның бірі Меркі ауданы, Аңдас батыр ауылының тұрғыны Асқар Бердалыұлы.
Асқар қарияның зейнетке шыққанына 4 ші жыл. Негізгі мамандығы құрылысшы. Құрылыстан қолы босаған ол ұлымен ақылдаса келе, өз үйінің ауласына көкөніс пен жемістердің түр-түрін өсіруді қолға алған. Болашақта таңқурай, құлпынай жемістерін консерві түрінде шығарып, кәсібін ұлғайтуды көздеп отыр.