Бірнеше күн бойы тұрғындарды әбігерге салған аптап ыстықтың беті қайтуы мүмкін. Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріліп, төтенше жағдай қызметі мен дәрігерлер сақтық шараларын күшейтуге шақырған еді. Енді синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылып, ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды.


21–23 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы ықтимал. Жауын-шашынның әсерінен солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +20…+30 градусқа дейін төмендейді. Орталық пен шығыста +22…+35, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+35 градус шамасында болады.