Заңсыз қоқысқа тосқауыл! «Таза Қазақстан» акциясы аясында тәртіп сақшылары мен экологтар өңірді заңсыз қоқыс үйінділерінен тазартуға кірісті. Нәтижесінде бір күннің өзінде 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 


Рейд барысында құрылыс нысандары, сауда орындары мен кәсіпорындардың санитарлық талаптарды сақтауы жіті тексерілді. Айта кетейік жыл басынан бері облыста қалдықтарды заңсыз төккен 417 орын анықталып, экологиялық заңнаманы бұзудың 44 мыңнан астам дерегінің жолы кесілген. Ал соңғы рейдтің өзінде құрылыс алаңдары мен қоғамдық орындардан 50 тоннаға жуық құрылыс және тұрмыстық қалдық шығарылды. Полицейлер тек заң бұзушыларды анықтаумен шектелген жоқ. Тұрғындарға қоқысты бейберекет төкпеу, құрылыс материалдарын ретсіз жинамау және құрғақ шөп пен тұрмыстық қалдықтарды өртемеу талаптары түсіндірілді.