Мойынқұмды газдандыру үшін 60-70 миллиард теңге қажет. Ал,аудандық аурухананың өзіне жедел жәрдем керек. Ескірген ғимараты жөнедуге сұранып тұр. Осындай түрлі мәселені тұрғындар бүгін ауданға жұмыс сапарымен барған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездесуде ашық айтты. Мойынқұмдықтар тағы қандай мәселелерді көтерді?
Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев алдымен бірқатар маңызды нысандарды аралады. Кейін тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар туралы айтты. Атап айтқанда, алты елді мекенде ауызсу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына 8,5 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар үш ауылдың электр желілерін жаңғыртуға 449 миллион теңге қарастырылған.