15 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің командалық және басқару пункттері мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл – тәулік бойы әскерді басқаруды қамтамасыз етіп, жедел ахуалды бақылап, бөлімдердің іс-қимылын үйлестіретін әскери мамандардың қызметі.


Командалық пункттердің жұмысы тәулік бойы бір сәтке де тоқтамайды. Мұнда жедел кезекшілер, олардың көмекшілері және басқа да мамандар үздіксіз қызмет атқарады. Олар әскери бөлімдерден келіп түскен ақпаратты қабылдап, саралап, кез келген уақытта қолбасшылыққа жедел баяндауға дайын.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы – Құрлық әскерлерінің құрамындағы ең ірі аумақтық бірлестік. Сондықтан мұндағы жауапкершілік те, атқарылатын жұмыс көлемі де жоғары. Командалық пункт мамандарының үйлесімді қызметі бөлімдердің нақты іс-қимылын қамтамасыз етіп, маңызды шешімдердің дер кезінде қабылдануына мүмкіндік береді.