Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілер жауапты бола бастады. Оған ұдайы жүргізілген рейдттік жұмыстар да әсер еткендей. Нақты мысал келтірсек, Тараз қаласы аумағында жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 46,2% ға төмендеді. Бұл нақты статистика.


Баяндайық, бірақ сәл аялдайық. 2025 жылы жол көлік оқиғаларынан 13 адам қаза тапса, биыл бұл көрсеткіш едәуір 7 – ге төмендеген. Бұл көрсеткіш жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылауды күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарының тиімділігін көрсетеді.