Аймаққа халықаралық «Марко Поло- Еуропадан Азияға электрлі көлікпен саяхат» жобасы аясында әлемнің түрлі елдерінен 38 шетелдік инвестор мен халықаралық сарапшылар келді. Делегация құрамында ғалымдар, инвесторлар, National Geographic фотографтары, халықаралық продюсерлік топтар және электромобиль индустриясының жетекші компанияларының өкілдері бар.


Қонақтар алдымен Айша бибі кесенесін аралады. Одан кейін Батыс қақпада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі күнге жоспарланған саяхат барысында қатысушылар Айша Бибі , Қарахан және Дәуітбек кесенелерін, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені мен «Ақыртас» сарай кешенін аралайды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрмен танысып, қолөнершілер көрмесі мен шеберлік сабақтарына қатысады.