Сонымен қатар Үкімет басшысының бірінші орынбасары химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевпен бірге жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өндіріс орындарын аралады.


Жұмыс сапары Сарысу ауданындағы Qazaq Soda кальцийлендірілген сода зауытының құрылыс алаңынан басталды. Жобаның алғашқы кезеңінде кәсіпорын жылына 500 мың тонна өнім өндірсе, кейін қуаты 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Құрылыс кезінде 1 500 адам уақытша жұмыспен қамтылып, зауыт іске қосылған соң 375 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба еліміздің кальцийлендірілген содаға деген ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.