150 балаға шаттыққа толы мерекелік күн сыйлады. Еріктілер ұйымдастырған іс- шарада бүлдіршіндер аквапаркте асыр салып, бассейнде емін-еркін шомылып, жазғы демалыстың жарқын сәттерін өткізді.
Ізгі бастама аясында қатысушыларға тегін пицца, тәттілер мен сусындар ұсынылды. Қамқорлыққа негізделген бұл шара балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.