Құрылтай құрамы қалай жасақталды?
Құрылтай депутаттарының сайлауы ресми түрде аяқталды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанның қорытынды нәтижесін жариялады. Сонымен, Құрылтайға кімдер барады? Партияларға 145 депутаттық мандат қалай бөлінді? Халық қалаулыларының есімі қашан жарияланады?
9 миллион 300 мыңнан астам адам. Бұл – Құрылтай сайлауында дауыс берген азаматтардың саны. Орталық сайлау комиссиясы электораттың белсенділігі жоғары болғанын атап өтті. Наурыздағы жалпыұлттық референдуммен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқандар саны 224 мыңға артық.