Негізгі Жаңалықтар Құтқару қызметіндегі цифрлық технология

Құтқару қызметіндегі цифрлық технология

Төтенше жағдай болған сәтте уақыттың әр секунды маңызды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың оқиға орнына дер кезінде жетіп, жедел әрі үйлесімді әрекет етуі артында атқарылатын үлкен жұмыс бар. Мұнда сенімді байланыс, жедел ақпарат алмасу және заманауи цифрлық технологиялардың орны ерекше. Құтқарушылардың қауіпсіздігі мен жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін бұл жүйелер көп жағдайда көпшілікке көріне бермейді. Алайда төтенше жағдай кезінде дәл осы технологиялар қажетті ақпаратты жылдам жеткізіп, күштер мен құралдардың дұрыс бағытталуына мүмкіндік береді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар