Интенсивті алма бағын дамыту уақыт талабы
Қордайда әлемге танымал алмалар өсірілуде. Аумағы 110 гектарды құрайтын бақта «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала» және «Фуджи» сынды алма сорттары бар.
Мұнда заманауи агротехнологиялар кеңінен енгізілген. Тамшылатып суару жүйесі, шпалерлік технология, қорғаныш торлары мен автоматтандырылған күтім тәсілдері жоғары өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде шаруашылық жыл сайын 3000 тоннадан астам сапалы алма өндіріп, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуде.