Көне Тараз: Екі мың жылдық тарихтың жаңа белесі
Бір қаланың тарихы — тұтас бір дәуірдің шежіресі. Ал Тараздың әрбір тарихи қабаты талай ғасырдың құпиясын бүгіп жатыр. Ұлы Жібек жолының бойында өркендеген көне шаһар бүгінде заманауи келбетімен қатар, бай мұрасын да жаңғырты. Тәуелсіздік жылдарында тарихи орындарды түлетуге айрықша мән беріліп, екі мың жылдық тарихы бар қаланың шежіресін келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған жұмыстар қолға алынды.