Есірткі сақтаушы ұсталды
Таразда тәртіп сақшылары есірткі заттарын заңсыз сақтады және таратты деген күдікпен ер адамды ұстады. Күдіктіні жеке тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған бірнеше бума, сондай-ақ өзіне тән иісі бар сарғылт ақ түсті зат салынған түйіншектер табылып, тәркіленді.