Негізгі Жаңалықтар Көне шаһардың – жаңа дәуірі

Көне шаһардың – жаңа дәуірі

Тәуелсіздік жылдары Тараз қаласы да елмен бірге өсті, өркендеді. Басты ерекешелік, өткеннің өнегесін – бүгінгінің берекесіне ұластыру болды. Бұл дәстүр Тараздың 2 мың жылдығында жаңғырып, Қазақ хандығының 550 жылдығында жалғасып, облыстың 80 жылдығында толыға түсті. Тарих пен тағылымды тоғыстырған, қаланың сәулеті мен келбетін толыстырған нысанның бірі «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені. Орта Азияда баламасы жоқ алып нысан Тараздың 2000 жылдық тарихын қайта тірілткен «Ғажайып сәулет құрылысы» деп атауға болады.


Бөлісу