Күләш жыры – мәңгілік әуен
Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Сезімге толы өлең әлемі» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті. Тағылымды шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, жүрекке жеткен жырлары қайта жаңғырды.