Негізгі Жаңалықтар Жеңіл өнеркәсіп өнімдері міндетті таңбалау тізіміне енеді

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері міндетті таңбалау тізіміне енеді

Келер жылдан бастап елімізде мұнай өнімдері міндетті таңбалаудан өтуі мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нүсіпов мәлімдеді. Қазір мұнай өнімдерін молекулалық таңбалау бойынша пилоттық жоба жүріп жатыр. Жанармайға арнайы маркер қосылады. Оның бар-жоғын мобильді анализатор арқылы анықтауға болады. Министрлік мәліметінше, көлеңкелі нарықты анықтау үшін 17 тауар позициясына талдау жүргізілген. Оның ішінде мұнай өнімдерінің үлесі 37,3 пайыз. Пилоттық жоба 1 қыркүйекте басталған. Қазір маркердің көлікке қауіпсіздігі зертханада тексеріліп жатыр. Елімізде жалпы тауарды цифрлық таңбалау 2020 жылы басталған. Ол тауар айналымының ашықтығын арттырып, көлеңкелі импорттың жолын кесуге бағытталған.


Бөлісу