«Таза Қазақстан»: Жастар таза қала үшін
Қаланың тазалығы – әр тұрғынның әрекетінен қалыптасады. Бірі қоқысқа назар аудармай өте шықса, енді бірі бастама көтеріп, тазалыққа өз үлесін қосады. Таразда Қазіргі колледж студенттері Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдап, Мыңбұлақ шағынауданындағы көпқабатты үйлердің аулаларын тазалады.