Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мен Оман экономикалық байланысты нақты жобалармен күшейтпек

Қазақстан мен Оман экономикалық байланысты нақты жобалармен күшейтпек

Қазақстан мен Оман экономикалық байланысты нақты жобалармен күшейтпек. Екі ел басшылары Доңға мұнай кен орны, тау кен өндірісі және бірлескен инвестициялық қор жобаларын талқылады. Көлік пен логистикаға да басымдық берілді. Екі ел арасында жаңа әуе рейстері ашылмақ. Бұдан бөлек Оман тарапы өз порттары арқылы Қазақстан тауарларын Үнді мұхиты, Азия және Африка нарықтарына шығаруға мүдделі. Астанадағы келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл Саид орденімен марапаттады.


Бөлісу