Таразда аналар форумы өтті
Отбасы тәрбиесі – қоғамның берік негізі. Ал бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруде ананың орны ерекше. Осы бағыттағы мәселелерді талқылау мақсатында Тараз қаласындағы №4 орта мектепте аналар форумы ұйымдастырылды. Жиында отбасы құндылықтары, ана тәрбиесі және ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мәселелері сөз болды.