Мектептегі бағалау жүйесі өзгереді
Бақылау азайып, күнделікті еңбекке басымдық беріледі. Қазақстан мектептерінде оқушылардың білімін бағалау жүйесі жаңартылуда. Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптар үйреншікті БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартты. Келесі кезекте — орта және жоғары буын. Енді бастауыш сынып оқушылары қалай бағаланады және тұрғындар бұл жаңашылдықты қалай қабылдауда?