Туған жерге тағзым: Аққұмда ардагерлер аллеясы ашылды
Алақандай ауылдың ауызбіршілігі – ен байлықтан да қымбат. Аққұмдықтар туған жердің көркеюіне атсалысып, игі іске өздері ұйытқы болды. Ауыл азаматтарының демеушілігімен ардагерлер аллеясы ашылды. Бұл - елге еңбегі сіңген аға буынға көрсетілген құрметтің нақты іске ұласқан көрінісі.