Негізгі Жаңалықтар Әскери танымдық экскурсия

Әскери танымдық экскурсия

Шу ауданында «Болашақ Отан қорғаушылар» ұранымен әскери – танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Мақсат – жас жауынгерлердің әскери өмірін көзбен көріп, олардың қызмет жағдайына қанығу.

Әкімдік өкілдері әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі, сарбаздардың күн тәртібі мен жауынгерлік даярлық барысы таныстырылды. Бригада қызметкерлері әуе-десанттық дайындықтың ерекшеліктеріне де тоқталды. Бұл бағытта сарбаздар парашютпен секіруді, әскери техниканы әзірлеуді, ұшаққа орналасу тәртібін және десант түскеннен кейінгі жауынгерлік міндеттерді орындауды меңгереді. Сапар барысында делегация сарбаздардың тұрмыс жағдайын, тамақтану сапасын және күнделікті қызмет барысын көрді. Сондай-ақ жас жауынгерлермен пікір алмасып, олардың әскери ортаға бейімделуі туралы ақпарат алды.

Бөлісу