Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады
Қазақстан су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 миллиард 153 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр. Ислам даму банкі бөлетін қаражат жаңа су қоймаларын салуға және ирригациялық желілерді жаңартуға бағытталмақ. Бұл мәселе депутаттармен өткен комитет отырысында талқыланды. Жалпы, алдағы 3 жылда елде 42 жаңа су қоймасын салу, 37-сін реконструкциялау және 14 жарым мың шақырым канал жаңғырту жоспарланған. Бастама жүзеге асса су тапшылығын азайтуға сеп болмақ.