Қайым Мұхамедханов – Абайтану ілімінің негізін қалаушы
Абай мұрасын зерттеп, ақын шығармашылығының шынайы болмысын танытуға ғұмырын арнаған тұлғалардың бірі – Қайым Мұхамедханов. Ғалымның еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін өте құнды. Осы мұраны кеңінен насихаттау мақсатында Таразда педагогтердің басын қосқан ғылыми-практикалық конференция өтті.