Облыстық «Абай оқулары» байқауы
«Атасы асыл сөздің – ақын Абай». Осындай тақырыпта Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында дәстүрлі XVII облыстық Абай оқулары өтті. Қатысушылар, ұлы ақынның рухани мұрасын терең түсініп, білімдері мен өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.