Ауыл шаруашылығының қарқыны қандай?
47 миллиард теңге! Ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген қомақты қаржы. Қаражат бар, жоспар бар, есеп те бар. Ал нәтиже ше? Он айда 562,8 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 5,1 пайызға жеткен. Бұл – ресми көрсеткіш. Ал осы цифрлардың артында қандай жұмыс тұр? Басқарма басшысы баспасөз алаңында атқарылған істі тізбектеп, саладағы ахуалды баяндады.