Қыз тәрбиесі - қоғам назарында
Қыз баланың тәрбиесі – тұтас бір ұлттың болашағы. Бүгін өңірде дәл осы өзекті тақырыпты арқау еткен ауқымды аналар форумы өтті. Жиында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.