Негізгі Жаңалықтар Алаяққа сенген, 1,9 миллион теңге несие алып берген...

Алаяққа сенген, 1,9 миллион теңге несие алып берген...

Оңай олжаға қызыққан тараздық әйелдің үміті ақталмады. Жылдам әрі мол табыс табуға сенген 28 жастағы тұрғын трейдингке инвестиция салу арқылы 50 пайыз пайда табуға болады деген ұсынысқа алданып қалған. Тіпті, сенімді көрінген уәдеге иланған әйел банктен несие рәсімдеп, 1 миллион 900 мың теңгесін өзін инвестор ретінде таныстырған азаматшаға аударған.

Алайда күткен пайдасы түгілі, салған ақшасын да қайтара алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті – Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны. Ол Ақтөбе қаласында алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу аясында ұсталған. Қазір оның өзге де қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Иәпиіа сақшылары азаматтарға оңай табысқа кенелуге уәде беретін күмәнді ұсыныстардан сақтануды ескертеді.

Бөлісу