Негізгі Жаңалықтар Жаңарған арна- үнемді суару – мол өнім

Жаңарған арна- үнемді суару – мол өнім

Әр тамшы судың сұрауы бар. Президент жолдауында оны үнемдеу мәселесіне ерекше тоқталды. Тіршілік нәрін пайдалануға қатаң бақылау орнату, ысырапқа жол бермеу керек деді. Ал, еліміздегі су ресурстарының үлкен бөлігі тиімсіз пайдаланылады. Дегенмен өңірде осы олқылықтарды жою үшін каналдар салынып, ағын су мәселесі шешімін тауып келеді. Мысалы, Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылында «Благовещенский» суару каналының 18 шақырымы қайта жаңғыртылуда.


Бөлісу