Негізгі Жаңалықтар Түн кезген жасөспірімдер

Түн кезген жасөспірімдер

Жамбыл облысында түнгі уақытта жүргізілген рейд кезінде полицейлер 182 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігі – түнде ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер.

Рейдте полиция қызметкерлері облыс аумағындағы ойын-сауық орындарын, көшелер мен қоғамдық орындарды тексерді. Тексеріс барысында 146 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені белгілі болды. Бұдан бөлек, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауының 25 дерегі, ойын-сауық орындарына кәмелетке толмағандарды кіргізудің 6 дерегі және жасөспірімдер жасаған ұсақ бұзақылықтың 5 дерегі тіркелді.Сондай-ақ, Тараздағы ойын-сауық клубтарының бірінен түнгі сағат 04:30 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Осыған байланысты мекеме иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Бөлісу