Кенен мұрасы – жаңа бағыт – заманауи мюзикл
Жамбыл облыстық филармония ұжымы тек концертпен шектелмей енді мюзикл-спектакльге де қадам басып отыр. «Ән қанатындағы Әулиеата» атты жаңа жобада Кенен Әзірбаевтың інжу-маржан әндері заманауи бағытта өңделіп, театрландырылған қойылым ретінде сахналанады.