Негізгі Жаңалықтар Халықаралық турнирде топ жарды

Халықаралық турнирде топ жарды

Жамбылдық жас боксшылар халықаралық додада топ жарып, ел мерейін асқақтатты. Қырғызстанның Ош қаласында өткен III халықаралық WBC AMATEUR TURKSOY турнирінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын, біреуі – күміс, екеуі – қола. Түркітілдес алты елден 34 спортшы қатысқан жарыста Жамбыл облысының үш өкілі де жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Өңір боксшыларын жарысқа дайындағандардың бірі – Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының Жамбыл облысы бойынша аға жаттықтырушысы Ермек Секербаев. Оның жетекшілігімен облыс құрамасы биыл Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған.

Бөлісу