Негізгі Жаңалықтар Жаңа полиция бөлімшесі ашылды

Жаңа полиция бөлімшесі ашылды

«Ұлы Дала» шағынауданында жаңа полиция бөлімшесі жұмысын бастады. Ол Әулиеата аудандық полиция бөліміне қарайды. Бөлімше Тараз қаласы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы және «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында ашылды. Жаңа нысан қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.


Бөлісу